Астана қаласы әкімдігінің № 77 мектеп- гимназия ШЖҚ МКК
Астана қаласы Білім басқармасы «№77 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысымен ашылды. Білім ордасы Астана қаласының қарқынды дамып келе жатқан Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 22/1 мекенжайында орналасқан.
Заманауи талаптарға сай салынған мектеп-гимназия ғимараты қайталанбас сәулеттік келбетімен ерекшеленіп, халықтың көз қуанышы боларлық әсем мүсіндерімен және кең инфрақұрылымымен дараланады. Білім беру мекемесі оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты мақсат етіп келеді.
Мектеп-гимназия ашылған күннен бастап оқу-тәрбие үдерісінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, білім, ғылым, өнер және спорт салаларында көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Дарынды оқушылар түрлі қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, мектеп абыройын асқақтатуда.
2025 жылы білім ордасы өзінің мерейлі 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Он жыл ішінде мектеп ұжымы сапалы білім беру мен тәрбие жұмысын жүйелі түрде дамытып, заманауи білім беру кеңістігінде өзіндік орны бар беделді білім мекемесіне айналды.
Бүгінде «№77 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі – білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, қоғамға белсенді, бәсекеге қабілетті, рухани бай тұлға тәрбиелеуді басты бағдар еткен заманауи білім ордасы.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға өтініш толтыру видео нұсқаулық