«Біз – Абайдың ұрпағы» атты қалалық байқауы өткізілді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жатта тоқы көңілге, – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай 2020 жылы ақпанның 21 күні №77 мектеп-гимназиясы мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының бірлесуімен ақын Абай Құнанбайұлына арналған 6-11 қазақ сынып оқушылары арасында «Біз – Абайдың ұрпағы» атты қалалық байқауы өткізілді. Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ережеге сәйкес Абай оқулары 3 бағыт бойынша өткізілді:
1-бағыт: «Абайдың қарасөздері» – Абайдың қарасөздерін жатқа оқу номинациясы;
2-бағыт: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – жас дарындар (ақындық) номинациясы;
3-бағыт: «Талаптың мініп тұлпарын» – Абай шығармалары бойынша сурет салу номинациясы.
Байқау салтанатты түрде Абайдың «Көзімнің қарасы» атты әнін орындаған ұл балалардан құралған хормен ашылды. Хордан кейін мектеп-гимназиямызда білім алып жүрген өзге ұлт өкілдері Абай өлеңдерін өз ұлтының тілдерінде мәнерлеп оқып шықты. Байқауды мектеп-гимназия директоры Байменова Гүлжамал Пердебайқызы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау барысында ұлы ақынның қарасөздері, кәусар жырлары мен әсем әуездері мектеп-гимназиямызды бір сәтке тұтас Абай әлеміне айналдырғандай әсер қалдырды. Осы рухани шара қарсаңында мектеп басшысы Байменова Гүлжамал Пердебайқызының бастамасымен ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен танытатын, Жидебайдағы қыстауының көрінісін бейнелеген «Абай әлемі» атты арнайы рухани-танымдық кабинет ашылды.
Кабинет заманауи технологиялармен жабдықталып, арнайы орнатылған терезе қондырғы арқылы Абай Құнанбайұлының туған жері – Шыңғыстаудың тау бөктері мен көркем табиғаты әсерлі түрде ұсынылған. Бұл кеңістікке енген жан өзін Абай өмір сүрген рухани әлемнің ортасында жүргендей сезінеді.
«Абай әлемі» кабинеті қазақ даласын өлеңмен сусындатқан, шығыс пен батыс әдебиетін қазақ сахарасына өзіндік өрнекпен тоғыстырған ұлы ойшылдың мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттауды мақсат етеді. Байқау аясында оқушылар келген қонақтар мен ұстаздарға «Абай әлемі» кабинетін қазақ және ағылшын тілдерінде таныстырып, өздерінің білім-білігін көрсетті.
Іс-шара қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталды
