Меню KDT




№77 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҮЛГІЛІ ОРДАСЫ



2018 жылдың күз айынан бастап №77 мектеп-гимназиясы республикалық «Экочеллендж» жобасына белсенді қатысып, барлық кезеңдерден сәтті өтті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл жоба аясында мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар бірлесе еңбек етіп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Соның жарқын дәлелі – мектеп ауласындағы бақша жұмысы. Көктемде егілген дақылдар жаз бойы күтіп-бапталып, табиғи әрі мол өнім жиналды.

Бұл игі істің жүзеге асуына мектеп директоры Гүлжамал Пердебайқызының ұйымдастырушылық қабілеті зор ықпал етті. Жиналған өнімдер 21 тамыз күні өткен республикалық тамыз конференциясы аясындағы көрмеде көпшілік назарына ұсынылды. Жазғы демалыс кезеңіне қарамастан, оқушылар мен ата-аналардың белсенділігі мектеп өміріндегі ынтымақ пен бірліктің айқын көрінісі болды. Аталған жұмыстарды ұйымдастыруда биология пәнінің мұғалімдері Умутбаева Д.А., Мукушева Ж.Х., Жамилова Р.М. ерекше еңбек сіңірді.

2019 жылдың 19 наурызында мектеп-гимназияда экологиялық тәрбие бағыты бойынша республикалық «Экочеллендж» жобасы аясында «Талант табиғаттан, талап өзіңнен» атты кең ауқымды экокүн өтті. Семинарға Қоғамдық маңызды инициативті дамыту орталығының төрайымы Т.Н. Немцан, Астана қаласы Білімді жаңғырту орталығының әдіскері Ақбота Бақытқызы, сондай-ақ қала мектептерінің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара барысында ата-аналар мен оқушылардың бірлесіп дайындаған «Керексіз заттарға – екінші өмір» атты көрмесі көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Көрмеге ұсынылған үздік жұмыстар республикалық және халықаралық форумдарға қатысуға жолдама алып, мектеп абыройын асқақтатты.

Сонымен қатар 6 сәуір күні Экочеллендж жобасы аясында ЭКСПО павильонында «Климаттық қобдиша» тақырыбында өткен қалалық байқауда №77 мектеп-гимназиясы екі жобамен қатысып, үздік бестікке енді. Нәтижесінде оқушы Марат Томирис Ресей еліндегі лагерьге жолдама алса, 3-сынып оқушысы Амир республикалық Алғыс хатпен марапатталды.

Экологиялық бағыттағы осындай жүйелі жұмыстардың жүзеге асуына ұйытқы болған мектеп директоры Г.П. Байменоваға, сондай-ақ ұйымдастырушылар Л.О. Имакова, Л.А. Қожакелдиева, А.Ж. Култаева, Д. Б. Жакенов, Н. Асықбайқызына Астана қаласы Білім басқармасы атынан алғыс хаттар табысталды.

№77 мектеп-гимназиясы экологиялық тәрбие беруде озық тәжірибесімен танылып, болашақ ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеу жолында биік белестерді бағындырып келеді.