Меню KDT




Тәуелсіздік күні қарсаңында Алаш мұрасы дәріптелді



«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру бағытында 2015 жылдың 11 желтоқсан күні Астана қаласындағы №77 мектеп-гимназиясында «Алаш арыстары және Мәңгілік ел мұраты» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Алаш қайраткерлерінің әдеби-тарихи мұрасын зерделеуге, олардың еркіндік пен азаттық идеяларын насихаттауға арналды.

Конференцияға тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Кабульдинов пен  мектептің тарих пәні мұғалімі Н.Кулбекованың ұйымдастыруымен  ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы, профессор Ж.Мәлібекұлы, профессор, антрополог  О.С. Исмагулов,  ҚР ҰҒА академигі Б.Е.Көмеков, Е.К.Нурпеисов,  тарих  ғылымдарының докторы С. Сыздықов, ЕҰУ филология ғылымының кандидаты Қ.К. Кемеңгер, ЕҰУ PHG доктор, доцент Е.А. Қуанышбаев, экономика ғылымдарының кандидаты Б.О.Кайранбеков, қалалық Білім Басқармасы бастығының орынбасары  Б.Хасенқызы, қалалық Білім Басқармасының әдіскерлері мен  қала мектептерінің тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Жиын оқушылардың «Көкжайлаудағы кездесу» этномәдени көрмесі мен «Халқыммен қайта қауыштым» сахналық қойылымдарымен басталып, мазмұнды баяндамалармен жалғасты. Қатысушылар Мәңгілік ел идеясының тарихи негіздері, Алаш қозғалысының маңызы және ұлттық мемлекеттілік мәселелері төңірегінде ой бөлісті.

Секция жұмыстарының қорытындысы бойынша мұғалімдер дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Конференция соңында қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.