Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

«Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесіі»

2023 жылдың 1 желтоқсан күні “Ф.Оңғарсынова атырдағы №77 мектеп-гимназиясында «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесіі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 9-11 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектеп аға тәлімгері А.Темирбаева  ашып, сөз сөйледі.  Жиналыс барысында қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Жиынға арнайы шақырылған жоғарғы катергориялы акушер-гиниколог Кашабаева Жанаргуль Тулешовна және мектеп медбикесі Тамабаева Гулбаршын Кыдыровна мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Аталмыш іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нуралиева Сырғагүл Салаубековна қорытындылады, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.




02.12


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/