Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Мектеп жайлы


Астана қаласы Білім басқармасы «№77 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Нұр-Султан қаласы әкімдігінің қаулысымен ашылды. Қайталанбас сәулетімен халықтың көз қуанышы боларлық мүсіндері және ғимараттары бой көтерген «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел көшесі,22/1 мекен-жайында орналасқан. Мектепті ашылған күннен бастап білгір де білікті басшы «Тәуелсіздік» медалінің иегері Байменова Гүлжамал Пердебаевна басқарып келеді. Мектеп-гимназияның жобалық қуаты 1200 оқушыға арналған. Қазіргі таңда 1650 оқушы білім алу үстінде. Оқыту тілі - мемлекеттік тіл. Мектеп-гимназия ағылшын тілі, қазақ тілдерін тереңдетіп оқытады. Мектеп 2 ауысым бойынша жұмыс істейді. Мектепте 4 компьютерлік кабинет, 6 лингафондық кабинет, 6 мультимедиалық-интерактивті кабинеті, 2 физика кабинеті, 2 химия кабинеті, 2 биология кабинеті, 1 спорт залы, 360 орындық акт залы, хореографиялық зал, футбол, баскетбол алаңдары бар. Оқушыларды білім нәрімен сусындату жолында 134 ұстаз еңбек етуде: жоғары білімді-121, орта кәсіптік-13; жоғары санатты-4, бірінші санатты-2, екінші санатты-6, Шебер-педагог-7, Педагог-зерттеуші-15, Педагог-сарапшы-17, Педагог-модератор-31

Жыл сайын мұғалімдер білімдерін жетілдіру курстарынан өтеді, білімдерін шыңдайды. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру аясында «НЗМ ПШО» және «Өрлеу» орталығының деңгейлік курсын 15 мұғалім бітірген. Оның ішінде: І (ілгері) деңгей-2, ІІ (негізгі) деңгей-3, ІІІ (базалық) деңгей -10 мұғалім.

Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша 124 педагог біліктілігін арттырды. Мектеп-гимназия мұғалімдерінің жетістіктері қуантарлық.

Мектеп өзінің жұмысын оқушыларды ғылым негіздерін игеруге баулудан бастады. Осы бағытта Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушылары, профессорларымен жиі-жиі басқосулар өткізеді. Желтоқсанда «Алаш ардақтылары және Мәңгілік ел мұраты», «Азаттық идеясы:Тәуелсіздік және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында аталмыш университеттің бір топ ғалымдары мен қала мұғалімдері, мектеп оқушылары арасында конференция өткізді.үстіміздегі оқу жылында мектеп оқушылары алаш әдебиеті, алаш тарихы бойынша ЕНУ профессорларынан дәріс алып, ғылыми жобалар жазуды үйренді.

Мектебімізде 2015 жылдан «Жас ұлан мен Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігіне мектеп оқушылары алғашқы мүшелікке қабылданып, балалар ұйымының негізі қаланды. Өз кезегінде мектепішілік өзі-өзі басқару ұйымы ҚР-ң Конститутциясына,білім беру заңына,баланың құқықтарын қорғау,орта мектеп жарғысына бағынады.Ұйымның өз жарғысы,өз рәміздері,елтаңба,әнұраны,өзінің қызмет  бағдарламасы бар.Қазіргі таңда балалар ұйымы нәтижелі жұмыс істеп келеді.

Гимназияның озат та белсенді оқушылары өте көп. Олар мектеп өмірін қызықты да сапалы өткізу үшін түрлі олимпиадаларға, мектепішілік, мектептен тыс іс-шараларға, қашықтық білім сынақтарына бар ынта-жігерлерімен қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Мектепте оқушылар арасында «Жыл үздігі», «Жыл оқушысы», «Жыл белсендісі», «Тіл шебері» байқаулары ұйымдастырылады.

Мектебіміздің оқушылары қазақ тілі, тарих, ағылшын тілі, орыс тілі, математика,биология пәндері бойынша олимпиадалардан, түрлі қалалық, республикалық байқаулардан озып шығып, ерекше қырларынан танылды.

  Мектепте футбол, баскетбол, би, каратэ-до, хор, шешендік өнер, тілшілер үйірмесімен қатар ұлттық аспаптар ансамблі, пікірсайыс клубы жұмыс істейді.  Мектептің ата-аналар ұйымы да өте ұйымшыл.Айына 4 рет мектепішілік  ата-аналар жиналысы болады.Мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады.Әр сыныптың өз ата-аналар төрайымы үнемі сайланып отырады, бала тәрбиесінде ұстаздармен бірге екендіктерін көрсетуде. 2018 жылдан мектепте «Қамқоршылық кеңесі» мен «Ақсақалдар алқасы» ұйымы үдіксіз жұмыс істеп келеді. Өз жоспарлары құрылған.Айына 1 рет жиналыс болып тұрады «Әкелер» ұйымы 2019 жылдан бастап құрылды.Өз жоспарлары құрылып ұлдар жиналысына қатысып,белсенділік танытады.

Мектептегі өнерлі оқушыларымыз ән-би бойынша Халықаралық,республикалық,қалалық,аудандық іс-шараларға қатысып бас жүлде,І,ІІ  жыл сайын жүлделі орындарға ие болады.2018 жылдан бері мектеп Экомектеп болып,қалалық үздік 10 мектеп қатарына қосылды.Жылда мұғалімдеріміз Білім министрінен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен,Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасынан марапаттарға ие болады.

 

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/