Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Сәт сапар, жас түлек!

Мектеп деген-қайнап жатқан өмірдің нақ өзі. Оқу, тәрбие қоғамға дайын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. Мұғалім, ата-ана, оқушы - үштігі бірігіп, Адам тәрбиелеу, Азамат тәрбиелеу ісінде бар ынта-жігерімен еңбек етеді. Мен басшылық етіп отырған мектепте де дәл осы қызу еңбек жыл біткенше таусылмайды. Оның жемісі мен жеңісі де аз емес. Жыл ішінде жасалған жұмыста мектеп бітірушілердің де үлесі қомақты...
2020 жылдың 4-тоқсанынан бастап, елдегі пандемияға байланысты карантиндік шаралардан соң білім беру үдерісін жедел жаңа кезеңге ауыстыру педагогтарға ғана емес, оқушыларға, ата-аналарға да ауыр сынақ болды. Бірақ оны жалтақтамай қабылдап, АКТ құзіреттілігін шұғыл арттырған ұстаздар мен жылдам қолдау көрсете білген ата-аналар арқасында оқу жылын қашықтан оқытып бітірдік. Міне, тағы бір оқу жылын артқа тастап, тағы да бір топ түлектермен қош айтысатын күн келді. Бұл күн түлектер үшін ерекше болуы керек. Өйткені кеше ғана алаңсыз жүгіріп жүрген тарыдай балалар бүгін үлкен өмірге қадам басқалы отырған таудай азаматтар болды. Олар мектептегі кезеңнің қалай зырылдап өте шыққанын байқамай да қалған шығар... Олар бүгін сұлу бойжеткен, салмақты бозбала болып, мектеппен қоштасу әндерін шырқады. Олар бүгін қоштасу дегеннің не екенін жандарымен түсінді. Бүгін олардың бойында қимастық бар, сол сезімдерін, жылы сөздерін, әдемі тілектерін, алғыстарын жаудырып жатқан түлектердің көз алдымызда бір сәтте есейіп кеткендерін ұғып, іштей оларға «жолдарың болсыншы, армандарың орындалсыншы» деп тілек тілеп тұрдық.
Жауапты сәтте қолын созып, бала арманның дана арманға ұласуына көмектескен, мектептен отбасын бөлек санамаған ата-аналарға да, ақылды, білімді азамат болған оқушыларға да, мектептің жаны мен жүрегіне айнала білген ұстаздарға да алғысым шексіз. Мектеп басшысы ретінде бүгінгі салтанатты жиынды ашық аспан астында мектеп бітіруші түлектердің есінде қаларлықтай сәнді де мазмұнды етуді зор жауапкершілікпен атқардым деп санаймын. Республикадағы мектеп ұжымдарын, мектеп бітірушілерді оқу жылының аяқталуымен, соңғы қоңырау салтанатымен шын жүректен құттықтаймын.
---

---

---

---

---

--- 25.05


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/