Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Көк тәңірдің ұрпағы, аттың құлағында ойнаған, кеңістік пен бейбітшілікті сүйетін қазақ халқыма бұл жаһандық індет ауыр соққы болды.

Көк тәңірдің ұрпағы, аттың құлағында ойнаған, кеңістік пен бейбітшілікті сүйетін қазақ халқыма бұл жаһандық індет ауыр соққы болды.
Қазақ әу бастан не көрмеп еді, бұл да бір сын. Тамырын тереңге жайған, табиғи болмысымен балталағанға сынбайтын, сексеуілдей сірескен халқым аяғынан тік тұрды. Иә, бұл - ауыр сын.
Осы бір сын кезеңде мұғалімдер де ауыр жүкті мойнына алып, іске кірісті.
Бірінші соққыны бойына қабылдап, әр елдің тәжірибесіне сүйеніп, мемлекетіміздің мүмкіндіктерін таразылап , байыппен шешім қабылдаған, әрине, Білім және ғылым министрі А.Қ Аймағамбетовтың оң шешімінің нәтижесі. Сонымен мектепте бұрын- соңды болмаған қашықтан оқытуға бел байладық.
Бірінші аптадан- ақ ұстаздарымыз белсенділік танытып, қашықтан оқытуды бастап кетті. Өздерінің білімді, тәжірибелі екендерін көрсетіп, бастарын тік көтеріп, ұстамдылық танытты. Міне, бұл- біздің ұстаздарымыз!
Оқушыларының алдына күлімдеп шығып, сабақты сан түрлі әдіспен, жан- тәнімен оқытып, ата- ананың көңілін аулап, мемлекетіміздің осы бір жауапты кезеңін жүзеге асырып отырған ұстаздарымызға мың алғыс.
Осы бір қиын- қыстау сәтте өздері де үйқамақта бола тұра, ұстаз отбасының, оқушының, ата- ананың көңілінен шыға білді. Қашықтан сабақ беріп тұрған мұғалімнің жан- дүниесін біреу түсінер, біреу түсінбес. Ұстаз осы қасиетімен ұлы.
Осы бір сәттен бастап, ұстаздарымыздың қадір- қасиетін бағалап, көңіліне кірбің келтірмей, қабағына қаяу салмайық, ағайын!
Біріге көтерген жүк жеңіл!
Нұр-Сұлтан қаласы,
77 мектеп-гимназия директоры Г.П.Байменова 22.04


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/