Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Психологиялық қызмет

Ағылшын тілінің онкүндігі

Ақпан айында Астана қаласы № 77 мектеп – гимназиясында ағылшын тілі пәні онкүндігі өтті.

Онкүндіктің ашылу салтанатына 5-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысты,  оқушылар ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің әйгілі кейіпкерлері Британдық жазушы Джоан Роулинг жазған 7 томдық қиял-ғажайып шығармалар жинағының басты кейіпкері сиқыршы Гарри Поттердің жүргізуімен, Англияның әйгілі киноактері, кинорежиссері, сценарийшісі, композиторы әрі продюсері "әлемнің ең таңдаулы үш комигінің бірі" ретінде танылған  Чарльз Чаплин бейнесін, америкалық әнші, актер, 20 ғасырдағы үздік әндердің орындаушысы Элвис Арон Пресли   әніне пародиямен жалғастырып,  ертегі кейіпкерлері Микки Маус пен Мини Маус, Қызыл телпек, әйгілі жазушысы Уильям Шекспирдің  сонетасын оқып, содан соң Британия патшайымы Элизавета ІІ бейнесін сомдай отырып ағылшын тілі онкүндігін мектеп оқушыларына таныстырды. Жиын соңында 8 а сынып оқушысы Жұмабек Жасмин ағылшын тілінде ән шырқады.  

IMG-20180219-WA0054

Ағылшын тілі онкүндігінің ашылуы

   
Астана қаласы № 77 мектеп – гимназиясында жыл сайын театлық қойылымдар мен ертегі сайысы өтеді. Биылғы оқу жылында да осы дәстүр жалғасын тауып ағылшын тілінде сахналық қойылымдар сайысы өтті. Сайысқа 5-10 сынып аралығы белсене қатысты. Оқушылар мектеп сахнасында рөлдерді сомдап,  ағылшын тілінде еркін сөйлеп,  қойылымдарға қызыға қатысты. 

9 «А» сыныбы «Cinderella» ертегісі 

 «The Honest Woodcutter» Эзоптың аңыз әңгімесі.  8 сынып  оқушылары

 

Эзоптың аңыз әңгімелерінің мазмұны терең, берер тәлімі мол. Адал балташы туралы аңыз әңгімесі оқушыларды қанағатшылдыққа, әділ болуға тәрбиелейді.  

Ағылшын тілі онкүндігі аясында өткен  «VOICE» ән сайысына 7-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың ағылшын тілінде шырқаған әндері тыңдармандардың жүрегіне жол тауып, ерекше ықыласқа бөледі. Сайыс барысында оқушылардың ағылшын тіліндегі әндерді қызыға орындайтыны байқалды.


Ағылшын тілі онкүндігі барысында жас маман, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ануарбекова Айгерім «Special Days» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ қызықты және жаңартылған оқу бағдарламасына сай өтті. Ұстаз оқушыларды сөйлетуде ұтымды тәсілдерді қолданып, оқушының ынтасын оята білді. 
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/