Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Қош бол, сүйікті Әліппем!»

"Әліппем, менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле, жарықпен"
28 желтоқсан күні мектебіміздің 1-сынып оқушыларына арналған «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты әліппе оқулығымен қоштасу ертеңгілігі өтті. Мақсаты: оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу, білім – білік дағдыларын көрсету.
Ертеңгілікте оқушылар әліппе туралы өлеңдер, тақпақтар оқып, хор айтты. Би билеп, ән салды. Сонымен қатар актёрлық шеберліктерін паш етті. Оқушылар ертеңгілікте көтеріңкі көңіл-күймен өнер көрсетті. Ертеңгілік соңында мектеп әкімшілігі мерекемен құттықтап, білім баспалдағын тұңғыш ашқан 1-сынып білім алушыларына ақ жол тіледі! Ата-аналар ұстаздарға алғыстарын білдірді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено