Хабарландыру

Мектеп адресі

Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Үйірменің

Үйірме атаулары

 Өтілетін сыныптар

1

Флора Фауна

 6,7

2

Волейбол

5,6,7,8,9

3

Жеңіл атлетика

5,6,8

4

Футбол

5,6,8,9

5

Ұлттық ойындар

5,6,7,9,10

6

Теннис

8,9,10

7

Домбыра

5,6,7,9

8

Хореграфия

8,9,10

9

Вокал

5,6,7,8

10

Жас қаламгер

5,6,7


 

«Жанның саясы жасыл желек, жас ұрпақтың саясы асыл еңбек»

 

   Тәуелсіз еліміздің дамуы мен келешегіне сәйкес келетін әлеуметтік экономикалық өзгерістер, бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру саясатының жүзеге асырылуы алдымызға үлкен міндеттер қойып отыр. Қазіргі таңда оқушыларды үйірмелерге, топтық, жұптық, жеке жұмыстар, танымдық, ізденуші, зерттеу бағытындағы жұмыстарға, ғылыми сипаттағы жұмыстарға баулу және оқушының білімі мен іскерлік дағдыларын жетілдіру білімнің негізгі талабына айналып отыр.  

  Оқушыларды үйірме жұмыстарының барысында ізденушілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеп, баулып отырған Астана қаласының көркін келтіріп тұрған №77мектеп-гимназиямызды айта аламыз. Жазғы демалыс барысында қарқын алған оқушылардың ізденісі, тынбай еңбек етуі мектеп үшін, ұстаз үшін нәтиже.

Мектебімізде биология пәні бойынша жүргізілетін «Флора және фауна» үйірмесінің оқушылары бау-бақша өнімдерін егу арқылы оның вегитациялық уақытын, қандай температурада сақталуын, биологиялық өсіп жетілуін, топырақ құнарлылығын, суғарылуын өз қолдарымен егіп, пісіп жетілгенше баптап қаралуын, мектеп айналасына гүлдер тұқымдастарын отырғызу сияқты еңбекке баулуға тәжірибе жинақтауда. Бау-бақшамыздың негізі 2017 жылы қаланған. Биылғы жылы бақшамыздың топырағы құнарландырып, мол көкөністер егіп, жазғы демалысында  үйірме оқушылары күтіп баптауда. Бақшамызда: қызанақ, қияр, сәбіз, қызылша, асқабақ, кәді, тәтті бұрыш, шомыр, шалғам, картоп өсіріледі.

  

          

Мектебімізде “Жасыл ел” мемлекеттік бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары бекітіліп мектеп ауласында бау-бақша көкөністері  сонымен қатар жасыл желекті ағаштар отырғызылды. “Флора және фауна” үйірмесінің оқушылары жұмыс кестесін құрып жыл бойына осы жұмыстарды атқарып келеді, яғни жаз айларында мектеп ауласында гүлзарларға гүлдер отырғызып, бақшамыздың көкөністерін суару, бақшада арамшөп жұлу жұмыстары, зиянкестермен күресу шараларын жүргізіп келеді. Ал жалпы жаңа оқу жылы қарсаңында ағаштарды ақтау, түптеу жұмыстары үйірме оқушыларының жоспарында атқарылады.  

   

 

 

Адамзатқа тәңірден берілген табиғат қоры қадіріне жетіп, қызғыштай қорғағанда ғана баянды бақ болмақ. Бақшамыз – байлығымыз, бұл ретте ел байлығын еселейміз десек, бірінші кезекте оқушыларымызға табиғатты аялауды, қоршаған ортамызды таза ұстауға сол кезде табиғаттың бізге берері мол екендігін түсіндіру. Еңбек- ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы емес пе?! Мінекей, бүгінгі таңда біз осы шағын игі шарамызбен оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеп, мемлекеттік бағдарламасы аясында сатылап қадам басып келеміз.

 

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana