Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

«Білім мазмұнындағы ұлттық құндылықтар»

             2018 жылдың  11 желтоқсан күні  Астана қаласы әкімділігінің №77 мектеп- гимназия КММ Астананың 20 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білім мазмұнындағы ұлттық құндылықтар»  тақырыбындағы республикалық  ғылыми конференциясы өтті.

      Конференция мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту аясында ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып,  ұлттық сананы жаңғырту

    Конференцияға ұлт зиялылары мен отандық ғалымдар қатысты. Олар: Касымов Сабыр Ахметжанұлы Заң ғылымдарының кандидаты, «Қаһармандар» қоғамдық қорының төрағасы ,Өмірзақ Озғанбаев  «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Нуркабылов Арман Скабылұлы  Ақжол партиясының қоғаммен жұмыс орталығының хатшысы  Жандарбек Мәлібекұлы ҚР Елтаңбаның авторы, Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы  Қоғам қайраткері, тіл жаңашыры «Тіл –қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталық директорының кеңесшісі  Кабулдинов Зиябек  Ермұханұлы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ректоры Тарих ғылымдарының, Қамзабекұлы Дихан  Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, академигі, Болатбек Төлепберген Философия ғылымдарының кандидаты Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, Жусупова Зәуреш Гинаятқызы Қалалық Маслихатының депутаты №84 мектеп- лицейінің директоры Тергенбаев Самат Ильясұлы Айтмырза Құрманғазы Зейноллаұлы  Қоғам қайраткері.

Конференция аясында секция жұмыстары 2 бағыт бойынша ұйымдастырылды: «Алаш оқулықтары: тәжірибе мен тағлым»,  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының аясында тарихи сананы жаңғырту.

     Конференцияға 70 ғылыми мақала ұсынылды. Оның 30 іріктеліп,  тыңдалып, талқыланды.       


                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

26.09


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/