Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Жас сарбаз

 

Жастар жылына орай
Нұр-Сұлтан қаласы арнайы мамандандырылған «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері арасында өтетін
«Жайдарлы Жас сарбаз» Жайдарман ойындарының
БАСПАСӨЗ –АНОНСЫ

 

        2019 жылдың 30 сәуір күні сағат 15:00 де, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Жастар жылына орай және Қазақстан халқы бірлігі күніне орай, Маусымашар форматында, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен арнайы мамандандырылған «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері арасында «Жайдарлы Жас сарбаз» Жайдарман ойындары өткізіледі.

         Іс-шараға:ҚР-ның Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор М.Қ. Таласов, және «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының РҚБ мүшелері, Нұр-сұлтан қалалық Жайдарман басшылары, елімізге танымал әзіл оспақшылар қатысады.

         Іс-шараның мақсаты: Нұр-Сұлтан қаласында жасөспірімдер арасында мәдениетті және өнерді дамыту әрі насихаттау. «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері арасында командалық жұмысты нығайтып, бірлікке шақыру. Жайдарман ойындары арқылы жасөспірім жастар өз ойын емін-еркін жеткізе отырып, қазіргі заман жасөспірімдерімен балалардың үлкендер біле бермейтін өзекті мәселелерін де әзіл арқылы айқындап, жеткізу. Сайыс арқылы қатысушылардың интеллектуалдық қабілеттерін және командалық ынтымақтастықтарын дамыту.

Сайысқа қатысуға жалпы саны 30 дан астам команда өтініш білдірген, соның ішінен іріктеліп шыққан «Ең үздік» деген 10 команда ақтық мәреге қатысады.

Іс-шараға «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының РҚБ 300-ге жуық тәрбиеленушілері қатысады.

Іс-шара соңында ойын қорытындысы шығарылып, жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен, кубок, медальдармен марапаталады.

 

Ұйымдастырушылар: ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының РҚБ Нұр-сұлтан қалалық филиалы.

тел.: 44 -25-97, 44-25-81

87074227396

30.04


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/