Хабарландыру

Мектеп адресі

Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Кітапхана


Мектеп кітапханасының мақсаты

  • Оқушылар мен педагогтар үшін жайлы оқу кітапханалық ортаны ұйымдастыру;
  • Оқырмандардың барлық санаттары үшін ақпараттық және кітапханалық қызметтеріне тең қол жеткізу және жүйелі оқытуды ұйымдастыру;
  • Кітап қорын молайту;
  • Кітапқа деген қызығушылықтарын жастайынан баулу;
  • Пайдаланушы оқырмандардың ақпаратты – кітапханалық қызмет көрсету: оқушылар мен педагогтарға қолда бар барлық оқу-әдістемелік және қосымша қолданыстағы ресурстарды тегін және еркін қолдану құқығын қамтамасыз ету;

 

Анықтама

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ  атты кітап көрмесі.

 

Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыру ұлттық құндылықтарды жаңғыру:

Оқушының бойына ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

kitap 1

kitap

kitap

kitap

kitap

 

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Мектеп кітапханасында «Буккроссинг» – кітап алмасу акциясы  бастау алды.  «Өзің оқыдың – басқаға бер» қағидасына негізделген, буккроссинг жүйесі қарапайым іс-әрекеттен тұрады. Кітапханада  буккроссинг сөрелері ұйымдастырылды.

Жалпы кітап – біздің асып таспайтын  асыл досымыз. Технология  атауы  қанша  дамып  жатыр  десек те қай  заманда  болмасын  кітаптың  орны  биік  тұрары  сөзсіз уақыт,  екіншісіне  қалтамыздың  көтере  бермейтіндігі  сылтау. Ал бұл  екі  сылтауға  да  кедергі  бола  алатын шара «кітап  сыйлау» немесе  «кітап алмастыру»  акциясы  яғни «Буккроссинг»  сіздерге  көмектесе  алады. «Буккроссинг» қазақшаға  аударғанда  «кітап  сыйлау» немесе «кітаптың  айналыста  жүруі» деген  мағынаны  білдіреді. Үйлеріңіздегі оқып болған кітапты  алып  келіп орнына  оқымаған  кітаптарыңызды  алуларыңызға  болады. Кітапты оқып  болған соң  оны әрі  қарай  саяхаттауға  жіберуіңізге  болады».

Ал,  Қазақстанда  «Буккроссинг» акциясы  2005 жылдан  бастау алыпты. Акциямыздың  басты  мақсаты  мектебіміздің ұстаздары мен  оқушыларын  кітап  оқуға  деген қызығушылығын  арттыру.  Сондықтан да үйлеріңізде  өздеріңіз оқыған  қызықты  кітап  болса соны алып  келіп, орнына  оқымаған  кітаптарыңызды  алуға  болады. Немесе керек  емес шаң  басып  жатқан кітаптарыңызды  халық  игілігіне жаратуға  асығыңыздар.

kitap

kitap

kitap

«КЕЛІҢДЕР ТАНЫСАЙЫҚ» атты тақырыпта 1-сынып оқушылары кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында оқушылар қызығушылық арттырып кітапхана қорымен кітапханашымен, кітапхананың пайдалану ережесімен таныстырылды. Оқушыларды кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.

kitap

kitap

А Н Ы Қ Т А М А

Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай кітапханада

"Мейірім төгетін ана" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты:  Қазақстанның Бірінші Ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі рухани – адамгершілік білімінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы - өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, «Өзін-өзі тану» әлемінің басты мақсаты – ұл-қыздарымызды жеке өзі және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

kitap

 «Жақсылықтан-жақсылыққа» атты кітапхана терапия сабағын өткіздік бастауыш сынып оқушыларымен бірге.

kitap

kitap

kitap

Анықтама

Тақырыбы:  «Ең үздік  оқырман»  білім сайысы

Мақсаты:  Ұлттық сана- сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу, кітапханаға келген оқырмандар санын анықтау. 

Көрнекілігі: «Менің сүйікті кітаптарым» атты көрме, оқырман формулярлары, слайдтар

Сайыс 5 бөлімнен тұрды.                                                  

1-бөлім: «Әр оқырман - бір әлем» өздерін таныстыру.
2-бөлім: «Мықты болсаң тауып көр» тапқырлар мен жүйріктер сайысы.
3-бөлім: «Мақал-мәтел» сайысы
4-бөлім: «Кейіпкерлермен сырласайық»берілген кейіпкер бейнеленген карточкалардан кейіпкерлерді табады.
5-бөлім Көрермендерге қойылатын сұрақтар 

Сайысқа 5 оқушы қатысты.

1 сайыскеріміз    3 «А» сынып оқушысы  Нұрғазы  Әбілқайыр
2 сайыскеріміз    3 «Ә» сынып оқушысы  Бижігіт Шыңғыс
3 сайыскеріміз    3 «Б»  сынып оқушысы Барлықбай  Аруна
4 сайыскеріміз    4 «А» сынып  оқушысы Сағи  Ботакөз
5 сайыскеріміз    4 «Ә» сынып оқушысы Аябекова  Несібелі

Әділқазылар алқасы:

  1. 1. Жетпысбаева Назым Базылбекқызы- директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары
    2.Мукатова Гүлайым Асылбекқызы қызы- педагог- ұйымдастырушы
    3. Жеңісова  Мақпал Қанатқызы- бастауыш сыныптардың әдістемелік бірлестік жетекшісі

4.Қайырғалиев  Берік Сатыбалдыұлы- 2 «Б» сынып жетекшісі

kitap

kitap

Бұл сайыста әр сайыскер өз білімдері мен тапқырлықтарын таныта білді. Әр бөлім бойынша жарыса жауап берді.Көрермендерге қызықты сұрақтар қойылып, конфеттер мен сыйлықтар таратылды. Әр сайыскерлер  1. Бас жүлде «Үздік оқырман»
2. «Тапқыр оқырман»
3. «Белсеңді оқырман»
4. «Үлгілі оқырман»
5. «Өнерлі оқырман»
6. «Ынталы оқырман»  номинациялар бойынша  марапатталды.

6  «А» сынып оқушысы Канапина Жанельдің орындауында «Ұстазым» әні  шырқалды.  Мерекелік  іс-шара  тартымды  өтті.

 

Анықтама

Тақырыбы:  «Жүз жасаған бәйтерек» 

Кештің мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.

kitap

kitap

        

«Ұлт мақтанышы -Абай» атты әдеби-сазды кеш

Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет

беру, өмір жолы мен шығармашылғын таныту, адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу, көріністер қою.

kitap

kitap

kitap

kitap

kitap

kitap

kitap

kitap

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana