Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Психологиялық қызмет

«Авторлық бағдарлама - білімге деген сұраныс негізі»

                                   «Авторлық бағдарлама  - білімге деген сұраныс негізі»

          Нұр – Сұлтан қаласы «№77 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағылшын тілі пәні онкүндігі аясында мұғалімдерге арналған  «Авторлық бағдарлама  - білімге деген сұраныс негізі» тақырыбында тренинг өтті.  

         Ағылшын тілі пәні мұғалімі Амзина Канат Жадигеровна ұстаздарға білімге деген түрлі сұраныстар тудырып отырған оқу бағдарламаларын құрастыруға бағыт берді. Тренинг барысында ұстаздар бағдарлама құрастыру этаптарымен танысып, алдағы уақытта бағдарлама жазуға бағыт-бағдар алды. «Кітаптысүйіпоқы, көңілгетүйіпоқы» , «Наданмен дос болғанша,  кітаппен дос бол» деген мақалдарды құрастыра отырып топтастырылған екі топ өздеріне берілген  тапсырмаларды орындау барысында авторлық бағдарламаларды  табысты жүзеге асыру әдістерін ашып көрсетті.

              Тренинг барысында ұстаздар авторлық бағдарлама жазудың өзектілігін түсінді және оған қойылатын критерийлерді өздері жасап шықты. Бұл жұмыс түрі  олардың болашақта авторлық жұмысты жазу барысында үлкен көмек болары сөзсіз. Автолық жұмысты жазу барысында балалардың нені үйренгісі келетінін ескеру қажет екендігі анықталды. Тренинг арқылы ұстаздар авторлық жазудың барлық этаптарын теория және практика жүзінде қарастырды. Қорытындылай келе ұстаз үшін автор болу және бала қажетін ескеретін бағдарлама жазу  заман талабы дегім келеді.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/