Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Психологиялық қызмет

Астана қаласы №77 мектеп-гимназияның бастауыш сынып оқушылары мен жетім отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы.

Астана қаласы №77 мектеп-гимназияның бастауыш сынып оқушылары мен  жетім отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы.

 

Анықтама

Мақсаты: оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту.

   2018 – 2019 оқу жылында барлығы – 1320 оқушы бар. Оның ішінде  1-4-сыныптар 725 оқушы,  5-11-сыныптарда - 569 оқушы, мектепалды даярлық тобында - 26 оқушы бар. Жалпы ыстық тамақпен -100% қамтылған.              Әр ауысым бойынша тегін тамақтанатын оқушылардың тамақтану кестесі  жасалып,  бекітілді.  Оның ішінде тегін тамақтанатын  752 оқушы, 5-11-сыныптар бойынша  жетім отбасы оқушылары -1. Осы аталған оқушылар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Бастауыш сыныптар бойынша оқушылардың тамақтануына тікелей сынып жетекшілері және бастауыш сыныптар бойынша орынбасары  А.А.Кайсаева  мен әлеуметтік педагог    А.М. Искакова  жауап береді.  Асханада әкімшілік тарапынан кезекшілік қойылған. Сондай –ақ  7-11  сыныптар арасында асханада  кезекшілік  ұйымдастырылған. Асхана мәзірі арнайы құзырлы мекемелермен  бекітілген 4 апталық  ас мәзірімен дайындалады.                                                                                                                Ас мәзірін үнемі мектеп медбикесі қадағалап отырады. Тамақ өнімдерін талапқа сай арнаулы ыдыстарда сақталуын және санитарлық –гигиеналық талаптардың орындалуына асхана меңгерушісі жауап береді.                     Айына бір рет ыстық тамақтың қалай ұйымдастырылуын және асхананың санитарлық жағдайын бақылау мақсатында құрылған ақаулық (бракеражная) комиссия мүшелері тексеру жұмыстарын  жүргізіп, АКТ жазады.

 

 

 

                     Әлеуметтік  педагог:                        Искакова А.М.

 

 

 

 

Астана қаласы №77 мектеп-гимназиясының  ата-аналар комитеті кеңес отырысынан  Анықтама

Мақсаты: бастауыш сынып оқушылары мен  аз қамтылған , жетім, көп балалы  отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы

   2017-2018  оқу жылының   1 тоқсанның (қазан  айы) қозғалысы бойынша  барлығы -1078 оқушы бар.Оның ішінде  1-4-сыныптар бойынша 552 оқушы, 5-11-сыныптарда  475  оқушы, мектепалды даярлық тобында - 51оқушы бар. Жалпы ыстық тамақпен -100 пайыз қамтылған. Әр ауысым бойынша тегін тамақтанатын оқушылардың  2 жарты жылдыққа тамақтану кестесі  жасалып,  бекітілді.Оның ішінде тегін тамақтанатын 603 оқушы, 5-11-сыныптар бойынша аз қамтылған,жетім, көп балалы  отбасы оқушылары -1.

Осы аталған оқушылар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.  Оқушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақ құны – 319 теңге.  Бастауыш сыныптар бойынша оқушылардың тамақтануына тікелей сынып жетекшілері және бастауыш сыныптар бойынша орынбасары А.А.Кайсаева  мен әлеуметтік педагог А.Искакова  жауап береді. Асханада әкімшілік тарапынан кезекшілік қойылған. Сондай –ақ 9-11 сыныптар бойынша кезекшілік сыныптар ұйымдастырылған. Кезекші сыныптар асханада  көмек  береді  және бастауыш сыныптар бойынша тамақтанатын оқушылардың  есебін алады.  Асхана мәзірі арнайы құзырлы мекемелермен бекітілген 4 апталық  ас мәзірімен дайындалады. Ас мәзірін үнемі мектеп медбикесі қадағалап отырады.Тамақ өнімдерін талапқа сай арнаулы ыдыстарда сақталуын және санитарлық –гигиеналық талаптардың орындалуына асхана меңгерушісі жауап береді. Айына бір рет ыстық тамақтың қалай ұйымдастырылуын және асхананың санитарлық жағдайын бақылау мақсатында  комиссия мүшелері  асханаға тексеру жұмыстарын  жүргізіп, АКТ жазады.

 

                     

Ата-аналар комитетінің мүшелері:                  К.Д. Рахпанова

Медбике:                                                             Г.К Тамабаева

Әлеуметтік  педагог                                           Искакова А.М.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/