Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Психологиялық қызмет

«Шәкәрім мұрасы-таусылмас қазына» әдеби-сазды кеш

Анықтама

Тақырыбы:   «Шәкәрім мұрасы-таусылмас қазына»  әдеби-сазды кеш



Өткізілген орны: кітапхана. Сағат 13.45

Өткізілген  күні: 26.04.18ж 

 

Мақсаты:      

  Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру,дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің  үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.

  Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың  рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету. Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.

Көрнекіліктер: «Дана сөздің дарасы» кітап көрмесі,суреттер, бүктемелер, интербелсенді тақта, слайд, бейнеролик, компьютер.

Шәкәрім мұрасын насихаттау негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Айтжанова Сауле мен  кітапханашы Алма Байтүгел бірлесе отырып, «Шәкәрім мұрасы-таусылмас қазына»  әдеби-сазды кеш өткізді. Кеште интерактивті тақтадан Шәкәрім туралы слайд , естелік  бейнеролик көрсетіледі. 6-11 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. 6 «Ә» сынып оқушысы Алибеков Диас «Ашу мен ынсап» өлеңін, 6 «Ә» сынып оқушысы Тлепберген Рауан «Бостандық туы жарқырап» өлеңін, 6 «Ә» сынып оқушысы Жұматаев Данияр « Иманым» өлеңін, Ахетова Жұлдыз  «Жастарға» өлеңін, Әлібек Алуа «Насихат» өлеңін, 8 «Б» оқушысы  Укибаева Жанерке «Адамдық борышың» өлеңін, 8 «Б» оқушысы  Әлқуат Нұрайлым «Арман» өлеңін, 8 «Б» оқушысы  Жамалбек Мөлдір «Жер жүзіне қарасам» өлеңін , 8 «Б» оқушысы Құрманбай Нұрай «Алты әңгіме» өлеңін, 6 «Ә» сынып оқушысы Есенгельді Аружан «Адамшылық» өлеңін,   8 «Б» оқушысы Қыдырәлі Ботагөз «Адам немене?» өлеңін нақышына келтіре  оқыды. Ал  8 «Б» сынып оқушысы  Омарқызы Әдия Абай «Қыс» өлеңін ағылшын тілінде оқыды. 11 «Б» сынып оқушылары  Махаш Алтынай мен Абилхан Диана өз шығарған өлеңдерін оқып,  оқырман ризашылығын бөленді. 8 «Б» сыныбының қыздары  Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін керемет шырқаса, 8 «Б» оқушысы Ақбергенова Ситора «Қазақ биі» биледі. Интернет сұрақтарға оқушылар өз ұялы телефондары арқылы қызыға  жауап беріп отырды. Кеш соңы Тамара Асардың орындауындағы Шәкәрімнің «Бұл ән басқа әннен өзгерек» әнімен аяқталды. Кешке атсалысқан  оқушылар грамотамен  марапатталды.

03.05.18

03.05.18

03.05.18

03.05.18

03.05.18

03.05.18



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/